Спорт

Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне көп сыйақы беретін 5 елдің тізімне кірді

ҰОК/Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында жүлделі болған спортшыға ең қымбат сыйақы тағайындаған ел – Гонконг.

Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегелеріне ең көп сыйақы беретін 5 елдің қатарына Қазақстан да кірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты СNBC басылымына сілтеме жасап.

CNBC басылымы Олимпиадаға қатысқан елдердің Ұлттық Олимпиада комитетінен, спорт қауымдастықтарынан ақпарат жинап, талдау жүргізген.  Анықталғандай Париж Олимпиадасында жүлделі болған спортшыға ең қымбат сыйақы тағайындаған ел – Гонконг.

Бұл мемлекетте алтын медаль үшін – 768 мың доллар, күміске – 384 мың доллар, қолаға – 192 мың доллар беріледі.

Тізімде Қазақстан 5-орында тұр. Елімізде алтын жүлде жеңіп алған спортшы 250 мың доллар, күміс жүлдегер 150 мың доллар, ал қола жүлдегер 75 мың доллар алады.

Айта кетейік, Гонконг спортшылары Париж Олимпиадасында 2 алтын және 2 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 37-орынға тұрақтады. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен 43-орынмен орнықты.