Жаңалықтар

«Жумонгтың ұрпақтары»: Кореядан келген құдалар желіде қызу талқыға түсті

скриншот

Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1 800-ден астам пікір жазылған.

Әлеуметтік желіде Кореядан келген құдалардың видеосы тарады. Бейнежазбаны balausa_4566 атты қолданушы жариялаған. Желі қолданушылары арасында Кореядан келген құдалар қызу талқыға түсті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1 800-ден астам пікір жазылған.

«Кореямен құда болып жатырмыз. Ханзада Жумонгтың ұрпақтары», - деп жазды автор.

«Кореяда той жарты сағат болады, біздегі 6 сағат тойды көріп таңғалған шығар», «көп адамды көріп, шошыған болар», «өте мәдениетті халық», «кореялықтар да әйелінің айтқанымен жүреді екен ғой», «құда болмаған ел қалмады-ау», «той біткенше әрең отырған шығар» деп жазды желі қолданушылары.