«Мәйіттерді шұңқырға көмген»: 90-жылдары ауыр қылмыс жасаған азамат сотталды
Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген, одан соң олардың мәйіттерін шұңқырға көмген.
1998 жылдан бері аса ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген қылмыстық топтың жетекшісі 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеумен К.-ға ҚК-нің кісі өлтіру және бандитизм (96-баптың 2-бөлігі «В, Ж, З», 96-баптың 2-бөлігі «Ж, З», 96-баптың 2-бөлігі “А, Ж, З», 96-баптың 2-бөлігі «Ж, Н» тармағы, 237-баптың 1 бөлігі (1997 ж. редакциясы) бойынша айып тағылды.
Сот анықтады
К. 1998 жылы қылмыстық келісім бойынша және пайдакүнемдік мақсатта азаматтарға қарулы шабуыл жасау және заңсыз баю мақсатында тұрақты қылмыстық топтың әрекетін ұйымдастырған және белсене қатысқан.
Бұл ұйымдасқан қарулы топ, оның ішінде К.-ның басшылығымен ұзақ уақыт бойы әрқайсысына рөлдерді бөліп, әзірленген жоспар бойынша бірнеше рет топтық шабуылдар жасаған. Олар полиция қызметкерінің формасын, жыпылықтайтын маяктарды, таяқтарды, ауыстыру үшін дайындалған мемлекеттік нөмірлер мен көліктерді пайдаланған.
Бір жыл ішінде (1998-1999 жж.) Қ.-ның басшылығымен қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында бірқатар аса ауыр қылмыстар жасаған.
Банда мүшелері автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді өлтірген, одан соң олардың мәйіттерін шұңқырға көмген.
К.жалған құжатты пайдаланып, тергеу мен соттан жасырынып, іздеуде жүрген. Тек 2024 жылдың қаңтарында ұсталған.
Айыпталған қылмыстар бойынша сотталушының кінәсі, оның ішінде 5 адамды өлтіргені, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және 1999 жылғы қарулы топтың басқа мүшелеріне шығарылған үкіммен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы
Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімі
Сот К.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 237-бабының 1 бөлімі, 96-баптың 2 бөлімі “А, Ж, З, Н”тармақтары (1997 ж. редакциясы) - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, бұрын адам өлтірген адам, пайдакүнемдік ниетпен ұйымдасқан топпен оған басшылық жасау, заңсыз қасақана екі адамның өліміне әкеп соқтыру бойынша саралады.
Қылмыстарды жасаудағы, оларды қаруды және билік өкілінің нысанды киімін қолдана отырып жасаудағы ерекше белсенді рөл жазаны ауырлататын мән-жайлар және жаза деп танылды. Жұмсартатындар - жоқ.
Қылмыстық кодекстің 69-бабына сәйкес, егер адам аса ауыр қылмыс жасаған күннен бастап 15 жыл өтсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.