Жаңалықтар

Оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады

istockphoto.com

Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті бұл вагондарда кондиционер жүйесі болмайды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс өңірлері тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Бұл жұмыс "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамымен бірлесе жүргізіледі.

Маршруттар:

Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды.

Бұл бағыттағы вагон 23 тамыз күні Алматыға жетеді.

Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16,18,20,22 тамызда қатынайды.

Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.