Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды

14 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.

Тэгтер:

Мемлекет басшысы ресми сапар Қарағанды облысы