Жаңалықтар

Астанада 200-ден астам жетім баланы тұрғын үй кезегіне қоюдан негізсіз бас тартқан – прокуратура

www.istockphoto.com

Тексеріс нәтижесінде кезекке тұрған жетім балалардың құқығы бұзылғаны анықталды.

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй алуға қатысты құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

«Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан», – делінген жазбада.

Прокурорлардың қадағалауының нәтижесінде 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.