Спорт

Цинциннати турнирі: Юлия Путинцева қарсыласын жеңіп, екінші айналымға шықты

ҚТФ

Қазіргі таңда теннисші әлемнің 33-ракеткасы саналады.

Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы айналымда әлемнің 77-ракеткасы Хэрриет Дартпен ойнап, айқын басымдықпен алға озды. Екінші айналымда Юлия Путинцева әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кортқа шығады.

Ал сайысты екінші айналымнан бастайтын Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның қарсыласы кейін анықталады. Ю.Путинцева мен Е.Рыбакина денсаулығына байланысты Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан еді.

Цинциннати додасының жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асады. Жарыс 19 тамызда аяқталады. Теннисшілерімізге сәттілік тілейміз!