Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға сыйлық берді

14 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
İnstagram
Нұрбек Оралбай TikTok парақшасында Димаштың ата-анасы құндыз тон сыйға тартқан видеосымен бөлісті.

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды жеңісті оралуымен құттықтады.

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай TikTok парақшасында Димаштың ата-анасы құндыз тон сыйға тартқан видеосымен бөлісті. 

Өзіңе шап-шақ екен. Апаңның көзмөлшері дұрыс болды. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсетіп, жеңісті, тұғырлы жолда жүргені үшін ат мінгіземіз, - деді Қанат Айтбаев.

 

Тэгтер:

Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасы Құндыз тон Димаш Құдайбергеннің анасы Париж-2024