Қоғам

«Журналистер суретке түсіріп алады»: Асаба Демеу Жадыраевты әзілмен қағытты (ВИДЕО)

Бірнеше күн бұрын еліне оралған спортшының құрметіне жерлестері дастархан жайып, той жасаған.

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев медалін анасының мойынына тақты, деп жазды turkystan.kz.

Демеу Жадыраев жақындарымен өткен іс-шарада жеңісін халыққа және анасына арнайтынын айтып, шешесінің мойнына медальін тақты. Осы сәтті бақылап отырған асаба спортшыға жұбайын да қасына алып тұруын сұраған.

«Жеңгемді де қасыңа алып ал. Әйтпесе, журналистер түсіріп алады да сені де «мамасының баласы» деп айтады», - деді жүргізуші.

Спортшы оның сөзіне құлақ асып, жұбайын құшағына алды. Осыдан кейін Демеудің жұбайына да сөз берілді.

«Демеуді қолдап келгендеріңіз үшін көп рахмет! Басқаларын білмеймін, бірақ мен оған әрқашан сенетінмін. Жеребе кезінде мен үнсіз тұрып қалған едім. Сонда Демеу менен неге үндемей қалғанымды сұрады. Сонда мен оған: «Сенің қарсыластарыңды аяп кеттім» дедім. Демеу, сені құттықтаймын. Сен бұл жүлдеге лайықсың! Бұдан да жоғары жетістіктерге жете бер», - деді балуанның жары. 

Еске салайық, бұған дейін желі қолданушылары дзюдо күресінен Париж Олимпиадасының алтынын иеленген Елдос Сметовті көптің көзіне үнемі анасымен түскені үшін сынға алған еді.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Қызықты видеолар😍 (@dubsmash_kaz)