Жаһан

Сүйіктісін ұрған Disney актрисасы қамауға алынды

сурет: Legion-Media

Бұл істі Лос-Анджелес округінің прокурорлары қарайды.

Disney арнасының жұлдызы Скай Джексон сүйіктісімен жанжалдасып, оған күш көрсеткені үшін қамауға алынды, деп жазды New York Post.

22 жастағы "Джесси" актрисасы 9 тамызда Голливудтағы (Калифорния) Universal CityWalk-те қамауға алынған. Бұл мәліметті Лос-Анджелес округінің Шериф департаментінің өкілі растаған.

Қауіпсіздік қызметі Джексонның жігітін бірнеше рет итеріп, ұрып жібергенін көргеннен кейін полицияға қоңырау шалуға шешім қабылдаған. Күзетшілер оларды тәртіп сақшылары келгенше бақылауда ұстаған. 

Бұл істі Лос-Анджелес округінің прокурорлары қарайды.