Жаңалықтар

Лукашенко өзіне қауіп төндіргендерді түрмеге қамататын заң қабылдатпақ

сурет: РИА Новости / Илья Питалев

Александр Лукашенко елдің парламентіне Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны жіберді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің қауіпсіздігін қорғайтын заң қабылдатпақ. 

Александр Лукашенко елдің парламентіне Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны жіберді.

Өзгеріс енгізу арқылы «президент пен экс-президентке қатысты зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі» жауапкершілік бекіту көзделген. Бұл туралы Беларусьтың "Зеркало" сайты хабарлады.

Лукашенко Қылмыстық кодекске «Беларусь Республикасының президентіне, өз өкілеттігін тоқтатқан Беларусь Республикасының президентіне қатысты зорлық-зомбылық немесе қауіп» деген бап енгізуді ұсынды.

Аталған бапта Беларусь президентіне, бұрынғы президенттеріне және экс-президенттердің отбасы мүшелеріне қатысты «зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі, мүлікті жою немесе бүлдіру» үшін үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.