Қор нарығында доллар қымбаттады
KASE биржасындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар бағамы тағы да өсті.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,28 теңгеге қымбаттады. Қазір бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479,44 теңге. Ұлттық банктің 13 тамыздағы ресми бағамы 479,03 теңге.
Kurs.kz мәліметінше Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 480,3 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағамы – 481,5 теңге. Астанада сату бағасы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге.