2028 жылғы Олимпиада ойындарынан боксты алып тастауы мүмкін
Бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданбақ.
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін келесі ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты.
Мәліметтерге сенсек, бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданбақ.
Нақты уақытын айта алмаймыз, бірақ келесі жылы. Бұл тезірек болғанын қалаймыз, мүмкіндігі барынша жылдың алғашқы жартыжылдығында болса дейміз. Одан ерте болуы екіталай, - деді ХОК басшысы Томас Бах.
Дәл осы қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алып тасталған еді. Егер бокс болмаса, оның орнына паркур қосылуы мүмкін.