Жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы сөзін бұрмалаған әріптестеріне реніш білдірді

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram/sultankyzy

Медиа маманы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қатысты жазбасын бұрмалағандарға қатысты пікір білдірді.

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі сөзін бұрмалаған әріптестеріне ренішін білдірді.

«Көрмес-түйені де көрмес. Өткенде Елдос Сметов туралы Айгерім Тоқсанбектің жазбасын цитировать етіп құттықтаған постымды сүйікті әріптестерім ары қарай «Елдосқа Ләйлә «қартайдың, спорттан кет» деп жатыр» деп ойнатып жіберген ғой. Күлдім де қойдым. Мұндай тәсілдер БАҚ-та жиі кездеседі. Жарайды, ол қорқынышты емес, бірақ алда жасанды интеллектің күшімен монтаж жасап, жеке өзіңізге, отбасыңызға, бизнесіңізге нұқсан келтіргісі келетіндер сіз жасамағанды жасады, айтпағанды айтты қылып, бопсалаудың түр-түрін көрсете алады. Фактчекинг, сыни ойлау, ақпаратты тексеру, анализ жасау деген өзімізден басталады. Өзіміз білмесек, балаға не үйретеміз?», - деді журналист.