Риддерде ауыл тұрғыны әкіммен соттасты
Жергілікті соттар талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды.
Ауыл тұрғыны Риддер әкіміне Поперечное ауылынан мал жаюға 50 га және шөп шабуға 15 га жер телімдерін беру туралы арызбен жүгінген.
Әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, арыздан бас тартқан. Талап қоюшы бас тартуға және шешімдерге сотқа шағым түсірген.
Бірінші сатыдағы сот комиссияға мынаны атап көрсетті:
әкімшілік актінің негізсіздігі (ӘРПК-тің 79-бабы); талап қоюшының екі арызын қарау және екі хаттамалық шешім қабылдау кезінде жер комиссиясы мүшелерінің бір дауысқа ие болуы, бұл да заңға қайшы келеді.Яғни, бұл жағдайда жер комиссиясы талап қоюшының арызын қандай негізде қабылдамағанын анықтау мүмкін емес. Дауыс беру тәртібінің бұзылуына, жер комиссиясы мүшелерінің қорытындылары мен хаттама мазмұнының сәйкес келмеуіне, бас тартуға негіздердің болмауына және хаттамада түпкілікті шешімнің болмауына назар аударылды.
Жергілікті соттар талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды: жер комиссиясының хаттамалық шешімінің күшін жойды, қала әкіміне талап қоюшының арыздарын қайта қарап, қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеді.
ЖС ӘІЖСА істі зерттей келе, дауланған сот актілері жалпы заңды және негізді түрде шығарылған деп есептеді. Қала әкімінің және аудандық салалық бөлімнің өкілдері жер комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп таныды.
Кассация қала әкіміне талап қоюшыға даулы учаскелерді беру туралы қолайлы әкімшілік актіні қабылдау міндетін жүктеу бөлігінде құқықтық жағдайды түзету қажеттілігін көрсетті.
Талап қоюшы дау білдірген хаттама заңсыз деп танылып, күші жойылғандықтан, талап қоюшының екі арызын қараудың әкімшілік рәсімі жер комиссиясының отырысында қаралған кезінен бастап қайта жаңғыртылуы тиіс.
Жер комиссиясының оң қорытындысы болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органға міндеттер жүктеу қате болып табылады. Себебі, арыздарды шешудің заңнамалық рәсімдері бар.
Жоғарғы Сот әкімнің қолайлы әкімшілік актіні қабылдау міндетіне қатысты сот шешімін қоспағанда, жергілікті соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.