Жаһан

Ұлыбританияда шөп шабатын көліктердің 12 сағаттық жарысы өтті

сурет: istockphoto.com

Жыл сайын өтетін жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысады.

Англияның Гэмпшир округіндегі Питерсфил лді мекенінің маңында қарапайым шөп шабатын машиналардың жарысы өтті.

Жыл сайын өтетін 12 сағаттық шөп шабу жарысына әлемнің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысады.

40-тан астам команда сағат 20.00-де басталып, түні бойы жалғасып, 08.00-ге дейін аяқталған жарыста бақ сынады.

Олар 80 км/сағ жылдамдықпен арнайы салынған трассада жарысты.