Жаңалықтар

«Алтай Полиметаллы» кәсіпорнына 313,9 млн теңге айыппұл салынды

Istockphoto

«Алтай Полиметаллы» ЖШС сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.

Қарағанды  облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Қарқаралы ауданының прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. 

«Алтай Полиметаллы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.

Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады. 

Нәтижесі кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті.

Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі дептанып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.

Сонымен қатар, сот орындаушысы Серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.