Жаңалықтар

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына ауылдастары ат мінгізді

Скриншот

Мұхамедсабыр Базарбайұлының ағасы желідегі парақшасында видео жариялап, достары інісіне ат сыйлағанын мәлім етті.

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына жақындары қолдау білдіріп, ат мінгізді.

Мұхамедсабыр Базарбайұлының ағасы Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, достары інісіне ат сыйлағанын мәлім етті.

«Ассаламағалейкум! Жеңісте де, жеңілісте де, әр қашанда қолдап жүрген достарыма үлкен рақмет! Ініміздің еңбегін бағалып, ат мінгізді! Құдай қаласа бұл тек бастамасы! Алға», - деп жазды спортшының ағасы Эмиль Оморов.