Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер құрамы жұмыстан босатылды
Жазғы Олимпиада ойындары аяқтала салысымен бокс саласындағы бірнеше маман орындарын босатты.
Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінен кейін Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіс болы, деп хабарлады turkystan.kz ҚР бокс федерациясына сілтеме жасап.
Жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұр. Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус те лауазымынан алынды.
Алайда аздаған уақыттан кейін ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі өздері жариялаған ақпаратты өшіріп тастады.