T-LIFE

Dolce & Gabbana иттерге арналған қымбат иіссуды сатылымға шығарды

сурет: AP Photo/Gregorio Borgia

100 миллилитрлік бөтелке 99 еуро тұрады және арнайы сертификатталған.

Dolce & Gabbana сән үйі «Fefé» атты иттерге арналған парфюм шығарды, бірақ оны қауіпсіз және орынды деп санауға барлық ветеринарлар мен үй жануарларының иелері келіспейді, деп жазды euronews.com. 

Бұл парфюм сән үйінің негізін қалаушы Доменико Дольченің пуделі құрметіне аталған.

100 миллилитрлік бөтелке 99 еуро тұрады және арнайы сертификатталған.

Dolce & Gabbana мәліметінше, парфюм жануарлар косметикасының қауіпсіздік деңгейін адамға арналған өнімдермен теңестіру мақсатында әзірленген Safe Pet Cosmetics протоколына сәйкес жасалған.

Алайда, кейбір сарапшылар иттерге арналған парфюм олардың өзіне тән табиғи иісін жоғалтуына әкелуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде.