4 баланы азаптаған ер адам бүлдіршіндерді зорлады деген күдікке ілінді

12 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
скриншот
Үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Биыл ақпан айында Алматы облысында үйге басып кіріп, балаларға шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш бап бойынша тергеу аяқталды. Сондай-ақ күдікті «Зорлау» бабы бойынша тергелді.

Прокуратураның мәліметінше, үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді:

«Зерттеу нәтижесіне сәйкес істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Тэгтер:

күдікті Алматы облысы азаптау Балалар