Жаңалықтар

Екібастұзда көмір кенішінде жұмысшылар мінген автобус аударылып кетті

istockphoto.com

Автобустың ішінде 24 қызметкер болған.

Екібастұзда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 24 қызметкері мінген автобус шұңқырға сырғып кетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Екібастұз қаласында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында «ПАЗ» маркалы автобусты басқарған жүргізуші рульді басқара алмай қалып, топырақты шұңқырға сырғып кеткен.

«Автобустың ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 24 қызметкері болған. Оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ, зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі.