T-LIFE

IT мамандары көп жұмыс істеген сайын адам эмоциясын түсінуден қалады – психологтардың зерттеуі

сурет: istockphoto.com

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, кодпен үнемі жұмыс істеу оларды эмоционалды интроверттерге айналдырады.

Ресей психологтары зерттеу жүргізіп, IT мамандарының жұмыс тәжірибесі көбейген сайын адам эмоциясын азырақ түсінетінін анықтаған, деп жазды naked-science.ru.

Алайда, бұл бағдарламашыларды алаңдатпайды, керісінше, олар өмірден ләззат алып, өздерін бақытты сезінеді екен.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, кодпен үнемі жұмыс істеу оларды эмоционалды интроверттерге, яғни жабық, тұйық, ешкіммен араласпайтын адамға айналдырады.

Бірақ ғалымдардың алаңдауына қарамастан, бағдарламашылар бұған қайғырмай, керісінше, осындай өмір салтын көбірек қолай көреді екен.