Жаңалықтар

Қырғыз елінде қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды

instagram/gknb.official

Таиров Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біліп, онымен бірлескен бизнес жобаларды жүргізу үшін байланыс орнатқан.

Қырғыз Республикасында қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Қырғыз елінің МҰҚК-не сілтеме жасап.

Көлбаев Қамшыбек Асанбекұлының ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша қазақстандық кәсіпкер, «Симирам» демалыс орталығының иесі Ясынжан Таиров іздестіріліп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, Таиров Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біліп, онымен бірлескен бизнес жобаларды жүргізу үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының иесі ҰҚТ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелер беріп отырған.

«Таировқа қатысты жиналған материалдар негізінде Бішкектің Октябрь аудандық сотының қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай таңдалды, сондай-ақ, жауапқа тарту үшін мемлекетаралық және Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды», - деп жазылған хабарламада.