Қаскелең шатқалында 63 жастағы ер адам көз жұмды
63 жастағы ер адам шомылмақ болып суға кірген.
Отбасымен және достарымен Қаскелең өзеніне демалуға барған ер адам абайсызда суға батып кетті.
Қайғылы жағдай Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең шатқалында болған. 63 жастағы ер адам шомылмақ болып суға кірген. Алайда ол тау өзенінің қатты ағысына төтеп бере алмай, суға батып кетті.
«Болжам бойынша, республикалық жедел-құтқару жасағы ер адамның денесін құлаған жерінен 1 шақырым жерден тауып, өзеннен шығарды. Оның мәйіті полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.