Жаңалықтар

Әнші Серік Ибрагимов енді қыз ұзататынын хабарлады

Серік Ибрагимов. Фото: instagram

Өнер иесі қыз ұзатуға арналған ән жазған.

Танымал эстрада әншісі Серік Ибрагимов қыз ұзату тойына шақырту қабылдайтынын айтты.

«Әкесі мен қызының биі. Анелия Құдайқұлова, енді қыз ұзату тойларына да тапсырыс ала бер, өзім ұзатамын», - деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Анелия Құдайқұлова - Event Agency «Insar» (іс-шаралар ұйымдастырушысы). 

«Достар, Серік Ибрагимов қыз ұзатуға арналған ән жазды, біліп жүріңіздер», - деп мәлімдеді Анелия жеке парақшасында.