Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

12 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Туризм және спорт министрлігі
Олимпиада жүлдегерімен бірге оның жеке бапкері Долкунжан Камеков те ұшып келді.

Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды.

Спортшыны Алматының халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен күтіп алды. Салтанатты рәсім кезінде ән шырқалып, шашу шашылды.

Олимпиада жүлдегерімен бірге оның жеке бапкері Долкунжан Камеков те ұшып келді. 

 

Тэгтер:

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасы Олимпиада жүлдегері Париж-2024