Жаңалықтар

«Үш рет тұрмыста болдым»: Бибігүл Төлегенова жеке өмірі жайлы мәлім етті

Бибігүл Төлегегова. Фото: скриншот/ YouTube

Өнер иесі үш рет тұрмыс құрып, өкінішке қарай, ешбір некесі сәтті болмағанын мәлім етті.

КСРО халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты шындығын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі үш рет тұрмыс құрып, өкінішке қарай, ешбір некесі сәтті болмағанын мәлім етті.

«Шынымды айтсам, отбасы бақыты туралы ештене айтқым келмейді. Жалғыз айтарым: мен үш рет тұрмыста болдым, бірақ ешбірі сәтті болмады. Өз адамым кездеспегендіктен, демек «менің бақытым — өнер» деп ойладым. Шынайы махаббатым тек өнерге арналды. Тағдырдың жазғаны солай болды, ешбір некем маған бақыт әкелмеді.

Аллаға шүкір, өмірге үш балам келді. Бір ұл, екі қызым бар. Басқа маған не керек?!», - деді Бибігүл Төлегенова.

Жеке өміріндегі сәтсіздіктерге қарамастан, Бибігүл Ахметқызы өнер оның ең сенімді және адал серігі болғанын жеткізді.