Жаңалықтар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

istockphoto.com

Бірнеше облыстың әкімдерінің орынбасарлары тағайындалды

Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Үкіметтің қаулысымен Асқарбек Маратұлы Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ал мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Сондай-ақ бірнеше облыстың әкімдерінің орынбасарлары тағайындалды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып Жолдас Батырхан, Павлодар облысына Айгүл Маликова, Ақмола облысына Мұрат Балпан тағайындалды.