Қоғам

Алматыда бір топ жігіт балдақтағы адамға шабуыл жасады

Видеодан алынған кадр

Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған.

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқаны көрінеді. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырады.

Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.