Спорт

«Жаңа келісімшарт ұсынып жатыр»: Туниске 2 тарихи жүлде әперген қазақ бапкері жоспары туралы айтты

qaz365.kz

Есбол Сұлтанов - 2023 жылдың қыркүйегінен бері Тунис таэквондо құрамасының бас бапкері

Туниске тарихтағы алғашқы алтынды сыйлаған қазақстандық бапкер Есбол Сұлтанов журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында ел басшылығы оған жаңа келісімшарттар ұсынып жатқанын айтты.

«Менің келісімшартым бір жылға дейін, яғни Олимпиада ойындарына дейін болды. Бастапқыда лицензияға дейін үш айға берілді, одан кейін Африка ойындарына дейін болды. Африка ойындарында 4 лицензия мен алты алтын медаль алдық. Олимпиадада екі медаль еншіледік. Медальдық есепте екінші орындамыз. Менің келісімшартым осы жылдың тамыз айында аяқталады. Қазірдің өзінде Тунистегі федерация президенті жаңа келісімшарттар ұсынып жатыр. Мұнда барлық елдердің федерацияларының президенттері жүр», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерлер арасында таэквондодан 80 келіге дейінгі салмақта тунистік Фирас Катусси чемпион атанды. Оны қазақстандық жаттықтырушы Есбол Сұлтанов жаттықтырады. Фирас финалда ирандық Мехран Бархордариді жеңді. Бұған дейін 58 келі салмақ дәрежесінде тунистік Мохамед Халил Джендуби қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Тунис таэквондошыларын қазақстандық спортшы Есбол Сұлтанов жаттықтырады. Ол 2023 жылдың қыркүйегінде бас бапкер болып тағайындалды. Париждегі Олимпиада ойындарына Тунистен төрт спортшы алып келіп, олардың екеуі медаль еншіледі.