Қостанай облысында зейнеткер жоғалып кеткен

11 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
Рудный тұрғыны 8 тамыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, әлі күнге дейін оралмаған

Қостанай облысында 71 жастағы ер адам жоғалып кетті. Ер адамды іздеу жұмысы туралы еріктілер хабарлады. 

Рудный тұрғыны 8 тамыз күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, әлі күнге дейін оралмаған.

Белгілері: орташа денелі, бойы – 176 см, шашы қысқа.

Киімі: қара күртеше, сұр жейде, қара-сұр трико және көк кроссовкалар киген.

Тэгтер:

Қостанай облысы зейнеткер