Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Акция басталғалы Атырау облысы аумағында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3 мыңнан астам дерегі, абаттандыру қағидасын бұзудың 700-ден аса дерегі анықталып, құқық қорғау қызметкерлері шара қолданды
Қазір елімізде табиғатты қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Сол себептен қоғамдық орынды ластау дерегі тіркелген жағдайда ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлады ІІМ.
Ал тазалықты сақтамай, абаттандыру қағидаты сақталмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінен 100 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл көзделген, – деп қосты ведомство.
Акция басталғалы Атырау облысы аумағында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3 мыңнан астам дерегі, абаттандыру қағидасын бұзудың 700-ден аса дерегі анықталып, құқық қорғау қызметкерлері шара қолданды.