СҚО-да бір апта бұрын жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

11 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
Оқиға туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді

Солтүстік Қазақстан облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 78 жастағы зейнеткер өлі күйінде табылды.

Зейнеткерді іздеу жұмысына полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен еріктілер қатысты.

Іздеу барысында полиция қызметкерлері 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка және Жаңалық ауылдары арасындағы шабындықтан шығып кеткен 78 жастағы ер адамның денесін тапты. Оқиға туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Тэгтер:

СҚО зейнеткер