Бүгін – Олимпиаданың соңғы күні: Қазақстаннан кімдер жарысқа шығады?
Қазақстан соңғы жарыс күні қай спорт түрінен сынға түседі
Бүгін Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың екі түрінен бақ сынайды.
11:00-де жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы марафон бәсекесінде Жанна Мамажанова сынға түседі.
Ал 14:00-де еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде күреседі. Қазақстандық спортшының қарсыласы ирандық Амирали Азарпира.
Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде 41-орында келеді.