Спорт

Әлішер Ерғали Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Сали Сабиров

Егер Тажудинов финалға шықса, Әлішер жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады

Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы екінші белдесуінде жеңіліп қалды. 

Еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде шыққан Әлішер Ерғали Бахрейн елінің намысын қорғаған Ахмед Тажудиновке есе жіберіп, жартылай финалға өте алмады.

Егер Тажудинов финалға шықса, Әлішер жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады.