Спорт

Трансгендер деп басы дауға іліккен боксшы Олимпиада чемпионы атанды

sportskeeda.com

Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люді жеңіп кетті

Париж Олимпиадасында әйелдер боксында басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф 66 келіде чемпион атанды.

Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люді жеңіп кетті.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Иман Хелифтің жынысына қатысты дау шыққан еді. Алайда спортшының туыстары Иман Хелифтің туу туралы куәлігін, кішкентай күніндегі суретін көрсетіп, биологиялық жынысы әйел екенін дәлелдеді.