Жетісу облысында үлкен демалыс аймағы өртеніп кетті

10 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
ТЖМ баспасөз қызметі
Өрттің себебі анықталып жатыр

Жетісу облысында ірі демалыс аймағы өртеніп кетті, құтқарушылар 400 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндіре алды. Оқиғаның егжей-тегжейін ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйі өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 400 шаршы метр аумақта толығымен жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

Жетісу облысы өрт демалыс аймағы