Қоғам

Астанада екі күнде 1,5 айлық мөлшерден асқан жаңбыр жауды

Астана қаласы әкімдігі

Айлық норма – 31 мм

Астана қаласында екі тәулік бойы нөсер жаңбыр жауып, соңы ірі бұршаққа ұласты. Осылайша елордада екі күнде 1,5 айлық мөлшерден астам жаңбыр жауды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

«Қазгидромет» мәліметінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм. Яғни, екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті.