Спорт

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Алматы әкімдігі

Ол финалда қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты

Париж Олимпиадасына қатысып, күміс медаль еншілеген Демеу Жадыраев елге оралды.

Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды.

Айта кетейік, финалда отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласы жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.