Қазақ бапкері жаттықтыратын Тунис таэквондошысы Олимпиада чемпионы атанды
Бұған дейін Есбол Сұлтановтың тағы бір шәкірті Тунис қоржынына қола жүлде салған болатын.
Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын таэквондодан Тунис ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасының екінші жүлдесін иеленді.
Ерлер арасында 80 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Тунис елінің атлеті Фирас Катусси финалда ирандық Мехран Бархордариден айласын асырып, жеңімпаз атанды.
Бұған дейін Тунис құрамасы қоржынына 58 келі салмақта сынға түскен таэквондошы Мохамед Халил Джендуби қола медаль салған болатын.
Еске сала кетейік, Есбол Сұлтанов таэквондодан Тунис ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Ол бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын. Есбол Сұлтанов Париждегі Олимпиада ойындарына тунистік төрт атлетті баптап алып келді.