Жаһан

Бразилияда бортына 62 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

Сурет: www.istockphoto.com

Авиакомпанияның хабарлауынша, ATR 72 кемесінде 62 адам болған.

Бразилияның Сан-Паулу қаласының маңында Voepass авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұшақ Виньедо ауылында құлады. Ол Каскавелден (Парагвай мен Аргентина шекарасына жақын Парана штаты) Гуарульюс әуежайына ұшып бара жатқан.

Әзірге жолаушылардың тағдырына қатысты ресми ақпарат айтылмады. Алайда әлеуметтік желіде тараған кей ақпаратқа сенсек, апат салдарынан тірі қалғандар жоқ.