Жаңалықтар

Олимпиадаға келген мысыр балуанын полиция ұстап әкеткен

Wang Yuguo/XinHua/Global Look Press

Ол француз қыздарына қырындаған.

Мысыр құрамасының балуаны Мохамед Эльсайед Париждегі кафелердің бірінде әйелге қырындады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Француз полициясы грек-рим күресінен Мысыр құрамасының мүшесі Мохамед Эльсайедті жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Le Parisien газеті хабарлады.

Оқиға 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында Аустерлиц жағалауында болған. Дереккөздің хабарлауынша, балуан Париждің 13-ші ауданында кафеден мас күйінде шығып, көшедегі бейтаныс әйелдің бөксесін ұстаған. Жәбірленуші полицияға арыз жазды.

Прокурорлар жыныстық зорлық-зомбылық туралы тергеуді бастады. 26 жастағы Эльсайед грек-рим күресінен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (67 келіге дейін). Париждегі Олимпиада ойындарында Египет спортшысы әзербайжандық Хасрат Джафаровтан жеңіліп, финалдың 1/8 кезеңінде шығып қалды. Париж олимпиадасы 11 тамызда аяқталады.