Жаңалықтар

Гимнастикадан Болгария чемпионы Олимпиадада Димаш Құдайбергеннің әніне биледі (ВИДЕО)

Болгария елінің намысын қорғаған спортшы гимнастикалық ұршықтармен өнер көрсеткен.

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан болгар спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d’un terrien en distresse» композициясын қолдана отырып өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Болгарияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Боряна Калейн Франциядағы Олимпиада ойындарындағы бағдарламасын инновациялық музыкалық сүйемелдеумен орындады.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Mister (@kulahmet_ongar)