Шавкат Рахмоновтың қарындасы жауапты қызметке тағайындалды
Сора Рахмонова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, жаңа қызметке кіріскенін мәлімдеді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова шенді қызметке тағайындалды, деп жазды turkystan.kz.
"Жаңа қызмет! Құттықтап қойсаңыздар болады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері болып өзімді жаңа қырымнан сынамақшымын. Менің негізгі міндетім Төтенше жағдайлар министрлігінің спорттық идеологиясын насихаттау. Төтенше жағдайлар қызметі үнемі спорттық бапты талап етеді. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы үшін жиырма төрт сағат бойы қауіп-қатермен бетпе-бет келетін қызметкерлер жұртты құтқарамыз деп өз бастарын бәйгеге тігіп жүреді. Бұндай қиын да жауапты қызметте жүріп бір сәт те босаңсуға болмайды! Әрқашан спортпен айналысып, ел амандығы үшін қызмет ететің құтқарушылар қатарына мен де қосылдым! Жаңа қызметіме сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Сора Рахмонова.