Атақты рэпер Трэвис Скотт қамауға алынды

9 тамыз, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: Erika Goldring / WireImage
Ол қонақ үйде ұсталды.

Атақты рэпер Трэвис Скотт қамауға алынды, деп хабарлады bbc.com.

Француз билігінің хабарлауынша, рэпер Травис Скотт Парижде оққағарымен төбелескеннен кейін қамауға алынған.

33 жастағы америкалық жұлдыз бес жұлдызды Джордж V қонақүйінде екі адамды ажыратуға тырысқан күзетшіге шабуыл жасаған.

Француз прокурорлары Reuters және AFP ақпараттық агенттіктеріне күзетшіге қатысты "анықталмаған зорлық-зомбылық" фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізгенін хабарлады.

BBC Newsbeat түсініктеме алу үшін Скотт мырзаның өкілдерімен байланысқа шыққан.

Тэгтер:

қамауға алынды қамау қамауға алу Жұлдыз атақты рэпер