Жаңалықтар

Париж-2024: «Микки Маус» атанып кеткен боксшы өз еліне тұңғыш Олимпиада жүлдесін сыйлады

сурет: bbc.com / Getty Images

"Біз де бақытты болуға лайықпыз" - дейді спортшы.

Дэвид де Пинаның шаш үлгісі 2024 жылғы Париж Олимпиадасында көпшіліктің назарын аударған болуы мүмкін, бірақ ол еншілеген Олимпиада жүлдесі Кабо-Верде тарихындағы тұңғыш медаль болды, деп жазды bbc.com.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Дэвид де Пинаның қола медалі Кабо-Верде тарихындағы алғашқы Олимпиада медалі болды. 

"Мен бүкіл елге даңқ әкелдім. Олар бізде медаль алуға күш жоқ деп ойлауы мүмкін, бірақ біз оларға мүмкін екенін көрсеттік. Өз еліме алғашқы медальді сыйлағаныма өте қуаныштымын. Біз де бақытты болуға лайықпыз" - дейді спортшы.

Де Пина өткен жұмада ширек финалда жеңіске жеткеннен кейін өз елінің премьер-министрінен құттықтау алды.