T-LIFE

Роскосмос ғарышқа тур сата бастады

сурет: istockphoto.com

Билет бағасы – 50 млн АҚШ доллары.

Роскосмос ғарышқа тур ашпақ. Бұл туралы glavkosmos.com хабарлады. 

Ақпаратқа сүйенсек, енді 2025 жылдан бастап ХҒС-қа ұшуға болады. 

Билет бағасы – 50 млн АҚШ доллары. Оған ХҒС-қа 10 күн саяхат, скафандр, курс және оңалту шаралары кіреді. 

Қосымша ақы төлесеңіз, ары қарай ашық ғарышқа шыға аласыз немесе демалысты 30 күнге дейін ұзарта аласыз. Естелік ретінде "Союз" капсуласын алып кетуге де болады.