Жаңалықтар

"Өзін кінәлі сезінген": Сүйіктісін тепкен жігіт өз аяғын өзі атып тастады

сурет: istockphoto.com

Ақпаратқа сүйенсек, 37 жастағы жігіт 18 жастағы сүйіктісіне күш көрсеткен.

Мәскеуде жанжал кезінде сүйіктісін тепкен жігіт өз аяғын атып тастады, деп хабарлайды gazeta.ru.

Ақпаратқа сүйенсек, 37 жастағы жігіт 18 жастағы сүйіктісіне күш көрсеткен. Виктор мен Варвара ұрысып, жанжал кезінде ер адам қызды бір тепкен.

Бірақ одан соң Виктор өзөзін кінәлі сезінген, сөйтіп ертеңінде ол жасаған әрекеті үшін өзін жазалауға шешім қабылдаған. Ол жуынатын бөлменің есігін ішінен іліп алып, өз аяғын өзі атқан.

Дәрігерлер оған ота жасап, оқты алып тастады. Қазір полицейлер тексеру жүргізуде.