Спорт

Париж-2024: 18 жастағы таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионынан жеңіліп қалды

Сали Сабиров

Батырхан Төлеуғали – Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысқан ең жас атлет.

Парижге аттанған Қазақстан құрамасындағы ең жас атлет Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан 1/8  айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

18 жастағы спортшының бұл  – тұңғыш Олимпиадасы.